Біздің шежіре
Бекасыл әулие
Шежіре туралы мәлімет Бүгінгі Қазақ халқы,өте ерте замандардағы біз біле бермейтіндері және кейінгілерін,түпкілікті зерттеулер арқылы білетін ата тектеріміз,өткен мың жылдықтар көшінде ат үстінде күн кешкен біздің көшпелі бабаларымыздың ұрпақтары дүниежізінің көп жерлеріне ат тұяғымен жетіп қайтқандығы,ер тұстарда тарих қойнауында,тарихи сақталынған жазулар,таңбалар және басқа да көне деректерден белгілі бола отырып ежелгі көшпелі,кейінгі отырықшы өмір салтымен адамзат тарихының беттерінен өз орнымызды алып,XXI ғасырға егемендігімізбен нық басып жеткен,өзіндік дәстүрлері,терең тарихы бар халық екеніміз анық.Сол ғасырлар бойы қалыптасқан төл тарихымыздың тармағы,бізге кейде жазбаша,көпшілігінде ауызша,ата бабаларына ұрпақтарына жеткен шежіре екенінде ешкімнің дауы бола қоймас. |
Жеті ата— қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады.Екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған.
ЖЕТІ АТА КІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ?